Ана өз баласына деген махаббаты арқылы адамзатқа жылу береді…

1

«Ел анасы» журналының алғашқы номеріне арқау болған Бибіжамал Омарова (Жамал апа) жайлы Әлихан Бәйменовтің пікірін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар. 

Baimenob…Әркімге өз анасы, әркімге өз баласы ерекше, бұл түсінікті де, табиғи қағида. Жер бетіндегі аналардың бәрі құрметке лайық. Дегенмен, ер адам да, әйел адам да өзінің  ұстаздық жүгін арқалағанда, қай бағытты алсақ та, өз әулеті, отбасымен шектелуі мүмкін.

Біреу өзінің үлгісі арқылы басқаларға әсер етеді, кейбіреулер әу бастан ортаға әсер ете алатын қасиеттері арқылы өзінің қажет деген, бойына сіңірген құндылықтары, білімі, тәжірибесімен бөліседі. Әрине, ана болған соң оның бақыты – перзенттерінің аман-есен ұзақ өмір сүріп, көз алдында жетістіктерге жетуі және кәсіби тұрғыдан ғана емес, тұлғалық қасиеттерінің де өзі ойлағанындай болғаны.

Мысалы, баланы жас кезінде «Кімнің баласы?» деп сұраса, кейін баласы өсіп, танымал болғанда анасы жайлы «соның анасы» деп дәріптейді. Бұл да  табиғи құбылыс. Анамыздың бала кезден айтқан нақыл сөздері, «балам, сен жаттап ал» деп айтпаса да, есте қалады.

Менің анам ылғи айтып отыратын: «Болған жігіт болдым демес, болдым десе, болғаны емес». Яғни, жас кезде шамалы жетістіктерге дандайсымай, әрі қарай даму керек дегені ғой.

Ал өзім осы отбасымен танысқаныма 15-16 жылдан асыпты. Біз таныс бола бастағанда Жамал апай игі істермен танымал ана болумен қатар, балалары «Жамал апаның балалары» деп аталып жүрсе де, кейін балалары да еңбек етіп, өздері де жетістікке жетіп, «Бұл кісі кім?» дегенде «осы азаматтардың анасы» деп атала бастаған.

Алғаш өз әулетімен таныстырған сол үйдің баласы – Бахариддин. Кейін басқа балаларымен де таныстым. Алғаш көргенде Жамал апайдың ашық-жарқын мінезі бірден көзге түседі екен. Қай орта болмасын еркін, өз ойымен бөлісіп отырады. Жиған-терген тәжірибесін, білгенін айтып отыруды жөн санайды…

Мақаланың толық нұсқасын «Ел анасы» журналының 2016 жылғы 1-номерінен оқи аласыздар. (Журналдың бағасы: 350 теңге)

Әлихан Байменов,

Астанадағы Мем­лекеттік қызмет саласындағы Өңір­лік Хабтың басқарушы коми­тетінің төрағасы

elanasy.kz

Discussion1 комментарий

  1. саламатсызба апа сіз туралы аитуға оңаи перадачасынанда газеттерденде коп деген адамдарданда естип жатырмын алғыс создер ге те толы ардакты жан екенсіз апа сізбен калаи соилесе алам калаи жолыға алам менің кудаидың берген уш кыз уш улым бар менің сізден комек сурағым келгені екінші улым дцп мен ауырады журе алмаиды отыра алмаиды соған кол ушыңызды берсеңіз жаксы болып куанып калар едім алла разы болсын сізге омирде еш жамандык кормеңіз.

Пікір қалдыру