«Бибіжамал әйел, Бибіжамал ана, Бибіжамал әже…»

5

«Ел анасы» журналының алғашқы номеріне арқау болған Бибіжамал Омарова (Жамал апа) жайлы інісі Ахметхан қажы Инаятуллаұлының пікірін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар. 

Бибіжамал әпкемнің менің өмірімде алатын рөлі орасан зор. Әпке деген қашан да жанашыр, бауырмал ғой. Інісі десе ішкен асын жерге қояды. «Сегіз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» демекші, бауырларының ішінде мені ерекше жақсы көрді, жақын тартты. Менің әкем анамызды алған кездегі қызы осы Бибіжамал әпкем болатын. Біздің әкеміз бөлек, бірақ анамыз біреу, құрсақтаспыз.

ahmetjan1         Біздің анамыз ақылды адам болған. Әкеміз діндар, имам еді. Бәйбіше мен тоқалды бір үйде ұстаған. Қоржынтам деген болған ол кезде, оң жағында бәйбішесі, сол жағында тоқалы тұратын. Әкеміз бәрімізге бірдей қарады. Бибіжамал – Мәліктің қызы, мен Инаятулланың ұлымын, бірақ бізді бөле-жара қарамады. Әлбетте, соның әсері болар, біздің өз арамызда алауыздық болған жоқ, бір-бірімізді қатты сыйладық, кикілжің деген атымен болған емес.

         Ол кезде он жылдық мектеп болды ғой.  Бибіжамал 9 класты бітіріп, күйеуге шығып кетті. Бибіжамал он баланы өмірге әкелгенімен, жастайынан жесір қалды. Жесірліктің, жоқшылықтың тауқыметін көп көрді. Соның бәрін сабырлықпен жеңіп шықты. «Сабыр түбі сары алтын» демекші, Алла сабырына қарай сый берді. 1996 жылға дейін көрмегені жоқ десем, артық айтқандық емес. Ұлдарын, қыздарын тегіс оқытты. Жанұяда бір бала артып туады, қалғанын бір өзі сүйрейді ғой. Бәрі бір-біріне қамқор бауырлар.

Әпкемізде анамыздың даналығы бар. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, кез келген жиында  ақылдасып отырамыз. Бәрін ақылға салып, оң шешім қабылдайды. Сосын бұл кісі әу бастан бері қайырымдылық жасағанды ұнатады. Оған үлкен себеп: біз отбасымызбен имани әулетпіз. Мұсылманның бес парызын тегіс орындап жүрміз деп айтуыма толық негіз бар. Бибіжамал апай бәріміз Айқожа ишанның тұқымынанбыз, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) күйеу баласы, қызы Фатиманың күйеуі Әзірет Әлінің ұрпағымыз. Пайғамбардың қырық төртінші әулеті болып келеміз. Яғни, тектілік тұқым қуған, қанымызда бар. Біреудің ала жібін аттау, араққа салыну, адам өлтіру сынды құдай сүймейтін жаман қасиеттерден аулақпыз. Мен алғаш 1995 жылы өз қаражатыммен қажылыққа барып келдім. Бибіжамал әпкеміз де, оның алты ұлы да үлкен қажылыққа барып келді.

Мақаланың толық нұсқасын «Ел анасы» журналының 2016 жылғы 1-номерінен оқи аласыздар. (Журналдың бағасы: 350 теңге)

Әңгімені жазып алған Арай Жұмашқызы

Discussion5 комментариев

  1. Нурдаулет

    Аллага сансыз шукир Жамалдай апамыз барына. Омир жасы узак болсын!Аллахым Апамызга еки дуниенин жаксылыгын насип етегор Аумин!

  2. Гүлназ

    Жамал АПА деп айтады халқы.Мен бұл кісіні көрмесемде,жақсы жағынан естіп жүрмін.Алланың нұры жаусын апаға

  3. Шайхиддин

    Жамал апа өте керемет ана жəне барлық қазакстан əйелдерге,ана-апаларга үлгі алатындай жан!!! жиеніңіз Закир Шайхиддин Аққожа ұлы!!!!!!!

  4. Бибіжамал апасыздай бұл өмірде жан жоқ шығар сірə.Күйеуіне арнап Жетісай шаhарында «Нұғман» атты мешітін,Алланың ақ үйін салды.Мен Бибіжамал апамызды мақтан етемін жəне сол кісіні үлгі тұтамын!

Пікір қалдыру