Қалила Омар: «СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ МЕН ЖАСАҒАН ІСІНІҢ АРАСЫНДА ҚЫЛ ӨТЕТІН АЛШАҚТЫҚ ЖОҚ»

1

«Ел анасы» журналының алғашқы номеріне арқау болған Бибіжамал Омарова (Жамал апа) жайлы Қалила Омардың пікірін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар. 

…Менің бала кезім Жетісайда Жамал апамның үйінде өтті. Өзі 41 жасында ерінен айырылып, жесір қалса да, балаларын қатарынан кем қылмай өсірді. Балаларының барлығы да жоғары білімді. Әрқайсысы әр түрлі салада қызмет етеді, түрлі кәсіптің тілін тапқан.

Kalilla OmarЖамал анамыз жетім-жесірдің бәріне қамқор. Мен ол кісі туралы 2003 жылы деректі фильм бастадым. Жамал апамды жанында жүріп жан-жақты зерттеп, күнделікті өмірдегі болмысының шынайылығын басты нысанға алуды көздедім. Бірақ ол кісі өзі туралы фильмнің түсірілуіне қарсы болды.

Жамал апамыздың қоғамдағы қайырымдылық істерінде есеп жоқ деп ойлаймын. Ұйымдастырушылық қабілеті зор адам. Бірде ол кісінің Ақтаудың бір ауылында бес-алты үйі бар екенін естідім. Сөйтсем оны жағдайы төмен отбасыларға және сырттан көшіп келген қандас бауырларымызға арнап салдырған екен.  Сондай-ақ ол үйдің барлық коммуналдық шығындарын да апамыз өз мойнына алған. Бірақ тұрғындарға бір шарт қойған. Тұрғындар өз қаражаттарын жинап жеке баспаналы болғанша ол үйде белгілі бір уақытқа дейін ғана тұрады. Осындай мүмкіндіктерді жасау үшін тек материалдық қор ғана емес, жүректің де кеңдігі керек емес пе?! Осындай жүрегі кең апамыз адамды ұлтына, дініне қарап таңдамайды. Бір орыс отбасы болған еді. Ата-анасы ішкілікке салынған. Жамал апамыз солардың бір ұлы мен қызын қамқорлығына алып, бауырына басты. Әлгі орыстың қызына мұсылмандықты сіңіріп, кейін жақсы жерге ұзатты. Ал ер бала Андрейді үйлендіріп, отауын тігіп берді.

Жамал апамыздың баласы Бахараддин – ар-ұятты өте жоғары қоятын азамат. Кеше ғана Жетісайда Әбу Ханифа атындағы мешітті салғанын ел біледі. Сол кезде қалың халықтың ыстық ықыласын, көл-көсір қуанышын көрдік, сондай батыр ұлдарына ізгі алғысын естідік. Құдай бергенге береді деген сөзге күмәнсіз сенемін.

Мақаланың толық нұсқасын «Ел анасы» журналының 2016 жылғы 1-номерінен оқи аласыздар. (Журналдың бағасы: 350 теңге)

Қалила Омар,
Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, документалист.

Discussion1 комментарий

Пікір қалдыру