Назым Қызайбай — Қазақстандық қыздар арасынан шыққан алғашқы әлем чемпионы (фото)

0

Астанада бүгін ақтық сыны өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кездесуінде қазақстандық боксшы Назым Қызайбай қытайлық бойжеткенді ұтып, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Назым Қызайбай бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды (фото)

Назым чемпионаттың 48 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі жекпе-жегінде қытайлық Юянь Вангпен қолғап түйістірді.

Ойын тартысты басталып, спортшылар соңына дейін ашық шабуылға шығып отырды. Төрт раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Қызайбайға тағайындады. Ол қытайлық Ванг Юаньды 3:0 есебімен ұтты.

Назым Қызайбай бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды (фото)

Осылайша Назым Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Финалда Назымнан басқа, Дина Жоламан (54 кг дейін), Валентина Хальзова (69 кг дейін) және Ләззат Күнгейбаева (81 кг жоғары) өнер көрсетеді.

Назым Қызайбай бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды (фото)

Еске салсақ, әлем біріншілігі Қазақстан астанасында «Барыс-Арена» мұз айдынында өтуде. Оған әлемнің 67 елінен 285 спортшы келді.

Атап өтсек, 22 жастағы Назым Қызайбай қыздар арасынан шыққан алғашқы әлем чемпионы.

Дерек көзі: Нұр.кз

Пікір қалдыру