Жансая Әбдімәлік Варшавада жеңімпаз атанды

1

Алдына «ересектер арасында әлем чемпионы болсам» деген мақсат қойған Жансая Әбдімәлік Польша астанасында өтіп жатқан «Мигель Найдорф» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды — деп хабарлайды BAQ.kz.

 «Турнир 8-16 шілде аралығында Варшавада өтті. Оған әлемнің үздік шахматшылары қатысты. Турнирге қатысқан 130 шахматшының 14-і ғана қыз. Қазақстандық құрама командалық есепте алтыншы орынға табан тіреді Бұл қазақтың қыздар құрамасы тарихындағы ең жоғары көрсеткіш, — деді Жансая Әбдімәліктің әкесі Данияр Әшіров.

«Мигель Найдорф» турнирі әлемдегі беделді жарыстардың бірі. Осы турнирде Жансая Әбдімәлік қыздар арасында ең жақсы нәтиже көрсете білді.

BAQ.kz.

Discussion1 комментарий

Пікір қалдыру