Тәушен Әбуова (деректі фильм)

0

Тәушен Әбуова (1932, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы – 15.8. 2004, Шымкент қаласы) – айтыскер ақын. Аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқарды. Айтыс өнеріне кештеу араласса да, оны дамытуға, халық арасында насихаттауға сүбелі үлес қосты. Ол айтыстарында өскен жерін, туған елін, қасиетті халқын, оның болашағын жырлады. 1985 – 1990 жылдары Тәушен Әбуова бірнеше айтыстарға қатысты. Халық ақындары қызылордалық Манап Көкеновпен, көкшетаулық Көкен Шәкеевпен, Қырғызстанның халық ақыны Әмірәлі Айтаевпен, тағы басқа суырып салма ақындармен сөз сайысына түсіп, облылыстық, республикалық, халықараралық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жүлдегері болды, республикалық телесайыстың бас жүлдесін жеңіп алды. Ол Мәдениет министірлігінің 1- ші дәрежелі екі дипломымен марапатталған, «Достық» орденінің иегері. Айтыскер ақын туралы екі деректі фильм түсірілді, екі кітап шығарылды.

Деректі фильм танымал документальст Қалила Омардың жеке қорынан алынды.
elanasy.kz

Пікір қалдыру