Тәуекел Мүсілім, актер: Әр жігіттің өз талғамы бар…

0

Тəуекел, шоу-бизнесіміздегі бойдақ жігіттердің бірісіз. Бойдақ болғанда да ең сымбатты, көрікті бойдақсыз. Қашан шаңырақ көтеру ойыңызда бар?

– Ол сұрақтын жауабын нақты айта алмаймын. Жақын арада үйлену жоспарда жоқ. Дегенмен, үйлену бұйырып жатса, үйленемін деп хабарлаймын.

9I0y4Ov2aou54CqWlqL9GMt11e6K86

Əдетте бойдақ жігіттер «мен іздейтін қыздың шашы ұзын, ақылы көп, қазақы, білімді, сымбатты болса…» деп тізіп жатады ғой. Сіздің арманыңыздағы арудың бейнесі қандай? Қыздың бойынан жаттанды стандарттардан басқа ерекше қасиет іздейсіз бе?

– Енді қазіргі заманға сай қыздар деп жатамыз ғой, ерекше, көзқарастары өзгеше болса деймін. Бірақ, шынымды айтсам, негізі қыздарды сынауға қорқамын. Болашақ жарым нақты осындай болу керек деген сияқты нақты мінездеме жоқ, бұйырғаны болар бұл жерде де. Қазір енді заман басқа, талабы басқа дегендей, қазіргі заманның қыздары мүлде өзгеше. Оларды сынауға да қорқатын болдық. Сондықтан қай қыз маңдайыма жазылады, қай қызға ессіз ғашық болам, сол қызға үйленемін.

Шыныңызды айтыңызшы, тəтті сезіммен, ғашық көңілмен кездескен қанша сүйікті қызыңыз болды?

– Алдымен айта кететін нәрсе, мен кездескен қыздардың саны көп емес, өзі санаулы ғана. Ал былай сүйдім, ғашық болдым деп екі қызды ғана айта аламын. Шынымен әлі күнге дейін есімнен кетер емес, арасында ойлап тұратыным бар.

тауекел муслим – Қазір олар неге қасыңызда емес?

– Енді тағдыр солай болды, бірге болу бұйырмаған екен. Қазірдің өзінде арасында араласып жататынымыз бар. Бәрі жақсы, тұрмыс құрған, бала-шағасы бар, бақытты ана, бақытты жар, өз өмірін сүріп жатыр. Өзім қуаныштымын шын жүректен.

Сүйіктісімен ұрсысып қалса, кінəні қыздан іздейтін жігіттің қатарындасыз ба?

– Ұрсысып қалған жағдайда, жанжал болған жағдайда тез арада әділ түрде шешуге тырысамын. Егер өз тарапымнан болса ондай қателіктер, әрине, оны мойындап, өзім бірінші келіп кешірім сұраймын. Ал егер қыз тарапынан болса,  енді көп уақыт реніш сақтай алмаймын. Сондықтан, егер қыз өзі мойындап, «иә қателік менен болды, олай істегенім дұрыс болмапты» деп түсініп жатса, онда сол мезетте-ақ кешіремін. Олай ұзақ уақыт ренжіп жүрмеймін.

«Үйленсем, өзгертемін ғой» деген қандайда бір əдет не қылығыңыз бар ма?

– Үйленсем өзгертемін ғой деген… Негізі білмеймін, үйленуден кейін өзгертемін деген қайдам ол. Адам өзгере ме, өзгермей ме, кім білсін. Негізі былай, мынандай ұғым да бар, көбінесе ер балалар өздерінен жасы кіші қызды ұнатып қалып, кездесіп, өзіме бейімдеп аламын деген сияқты оймен кездесуі мүмкін. Ондайды түсінемін, ал  үйленіп барып өзгертемін дегенді өз басым ешқашан естімеппін. Ол нәрсе бізге әлі таныс емес.

Романтиксіз бе?

– Негізі мен іштей романтикпін, тек оны сыртқа көрсете алмаймын. Басқаны білмеймін, өзім осындай бір романтикпін енді. (күлді).  Ең бір ерекшеленген сәт ол гүл сыйлау болған шығар.

Махаббатым жүрегімде филімінен үзінді

Тамақ пісіру, кір жуу, еден жуу деген сияқты үй шаруасының қайсысы қолыңыздан келеді?

– Айтылған үй шаруаларының ішінде тек тамақ пісіру ғана қолымнан келмейді. Ал қалғанының бәріне икемім бар, істеп көргенмін.

–  Отбасында болатын болмашы ұрыс-керісті отағасы қалай тоқтату керек? Ер жігіт ашуды қалай басу керек?

– Кез келген ұрысты басатын, әрине, кешірім сұрау. Сондықтан ұрыс-керіс болған жағдайда ренжіскен адамдар бір-бірінен кешірім сұраса дұрыс болады. Үйдегі ұрыс-керісті отағасы, әрине, ақылмен, сабырмен, әділ түрде шешу керек деп ойлаймын. Оның себебін біліп, не үшін осы ұрыс-керіс болды деп сараптап, екі жаққа да түсіндіргені жөн.

Tauekel-bakytyn-bir-sen-11Мен қыз баламын. Өзім ұнатқан жігітке ұнағым келетін сəттер болады. Сондайда не істеуім керек? Қандай қылық не сөз айтуым керек? Жігіт ретінде құпиясын айтып қойыңызшы.

– Біреуге ақыл айтудан аулақпын негізі. Барлық жігіттер бірдей болмайды, әр жігіттің өз талғамы бар. Біреуге пысық қыздар ұнауы мүмкін, біреуге ұяң қыздар ұнауы мүмкін. Негізі кез келген әйел баласы психолог болғаны жөн шығар деймін. Ұнатқан жігіттің мінезін түсініп, оның көңілінен шығатындай болуы керек деп ойлаймын. Сол кезде міндетті түрде жігіттің көңілін аулайды.

Бақытыңызды жолықтыруға тілектеспіз! Сұхбатыңызға рахмет!

 Сұхбаттасқан  Эльвира Ергалина, elanasy.kz

Пікір қалдыру