21 құрсақ көтерген Шәпей ана

0

Кенже қызымызды бесіке салуға Шәпей апаны әдейі ырымдап шақырттым. Бесікке салудың барлық ырым-жосынын жасап болған әжеміз жайланып отырып шай ішуге кіріскенде мен де апаны әнгімеге тарттым:

— Сізді «18 құрсақ көтерген» дейді ғой, сіздің жолды бізге де берсін – дедім әдейі сөз қозғамаққа. Маған бажайлап бір қарап алды да, — Біздің кезде «әр туылған баланың несібесі де өзімен берге» дейтін еді сендердің замандарың құрлысқа қамалған заман болды ғой. Дегенмен де, дәрігер де бар, мүмкіндік те бар, неге көп балалы болмайсыңдар? — деп өзіме сауал тастай жымиды. Расымен әженің айтып отырған әңгімесінің негізі дұрыс. Алайда ол кісіге не деп жауап берерімді біле алмай қалдым.

Сонымен ашыла кеңесіп, алтын құрсақ ананың әңгімесіне қанғандай болдым.

— Енем жарықтық екеміздің арамызда келісім бар еді. Мен бала табам, енем бағады. Сондықтан, енем білмей, далада жүріп түсік тастаған балаларымды еш қаша енеме айтқан емеспін Алланың берген қуатымен денсаулығым жақсы болды да, ондайды білдіртпей кететін едім. Енем қамығып қалмасын деген ой ғой менікі. Осы жасыма жеткенше талай қиындықты бастан кештім. Соған қарамастан 21 құрсақ көтердім. Үшеуі өлі туды. Түсік тастадым. Үш балам аман-есен туған соң, шетінеп кетті. Алла қалғандарына ғұмыр берсін! 10 ұл, 5 қызым ел қатарында жүр – деді, әже өткен шағын есіне алғандайболып.

***

Шәпей бір жан ұяның үлкен қызы. Әкесі Жанжұң өте мергендігімен көзге түскен, бір ауылды бір мылтықпен асырғана жан екен. Алайда, екі жастың біріне келмей жатып екі көзінен қатар айырылып, үйден шыға алмай қалады. Бір ауылды асырап отырған азаматтың жағдайы әгіндей болғанда, бір үйдің тіршілігі тоқтап қалуға айналады. Дегенмен бойжетіп қалған Шәпей үйдің шаруасын өзі атқарып, анасына септігін тиігізеді. Тіпті, кейде иығына әке мылтығын асынып, ұл баладан кем болмай, ауыл-үйдің қызметіне жастай араласып, шынығып жетіледі.

Шәпей өмірлік жары Әзімханмен бірге
Шәпей өмірлік жары Әзімханмен бірге

Шәпей 15 жасқа толғанда Күмәнжанның жалғыз ұлына айттырып, құда түсіп келеді. Болашақ жары басына оюлы кепеш киген 17 жастағы Әзімханың торғайдай денесін көріп менсінбей, құдалыққа өз наразылығын білідіріпті. Әкесі Жанжұң «Күмаштың баласына бармасаң теріс бата берем» — деп теріс қарап жатып алған соң, амал жоқ ата салттан аспай келісім беріп, 1958 жылы келін болып Күмәжанның шаңырағына түседі.

Барған ауылы өте момын, ағайынды Күмәнжан, Көңбай деген кісілердің ауылы екен. Жастайынан байлардың малын бағып өскен ағайындылар анқаулығы ма, әлде жалқаулығы ма қыста жылқы отарлатқанда қос тіккенді қиынсынып, омбы қарды ойып жіберіп соның ішіне қыстап жатып жылқы отарлатады екен.

Сонымен Шәпей келін боп түскен күзінде Хайдар, Хайбар деген көрші ауылдағы қайындары бір бесті асауды үйрете алмай, ноқталап жүгендеп, ерттей алмай тұрғандарын көреді. Қайындарына жақындаған Шәпей қалжыңдап: «Сендерді де бір қыздар «жігіт» -деп жүр-ау» — деп, асауға жүгенсіз ноқтамен ғана қарғып мініпті. Тулаған асау Қурай сайын құлдатып Шәпейді алажөнеледі. Сондада жығылмаған Шәпей асау атты әбден болдыртып, екі жағына сабалап жуасытып әгілердің үйне әкеп беріпті.

Бұл Шәпейдің үй баласы ғана емес, түзде де мықтылығын көрсетіп қойса керек. Содан бастап ата енесі түз жұмысына араласуға еркіне жіберген екен. Атқұмар Шәпей мінгісі келген атын жылқыдан өзі шалмалап ұстап әкеп, тағаны да өзі соғып, атты да өзі тағалап, мініп жүре беретін болыпты.

Күзде үкіметтің шабындығы орылып біткен соң, өздерінің азғана малына шөп дайындап алу үшін Шәпей де шөп шабады. Шәпей шөп шаба бастағанда күйеуі Әзімхан «Шәпей-ау, Шәпей, қандай тамақ істей берейін?» — дегенін естіген ел бертінгедейін күлісіп жүретін. Қыстауда айыр шалғысын алып, шалбар киіп шөп шабатын Шәпей 10 жігітпен бәстесіп шөп шапқанда алдына жан салмайды. Жергілікті әкімшілік жүлде ұймдастырғанда шөп шабудан межелі жерге жігітерден бұрын келіп талай рет сыйланған екен.

Осылай атағы асқақтаған келіндерін қос қайын атасы Күмәнжан мен Көңбай да қатты еркелететін көрінеді. Бір үйдің емес, ауылдың шаруасын еркек әйел демей атқарып тастайтын келіндерін кәдірлеп қандай да бір тойға, жиынға барарда сол аулдағы ең мықты ат, әшекейлі ерді келініне мінгізіп сән салтанатпен жөнелтеді екен. Қара өлеңді тамылжытатын өзі ақын өзі әнші Шәпей өлкедегі тойдың көркі болса керек. Өлкедегі ақындар Пішай, Зухарнай, замандасы Молдахын қатарлы ақындамен айтысса жөп-жөкім бітіп бермей, елді де қыран топан күлкіге қарық қылады. Өлкеде қайда той болады, Шәпейсіз өтпейтін көрінеді.

1972 жылы туған Алма есімді қызына аяқ ауыр, босанатын уақыты таяған кез. Ауыл еркектері қысқы отарда. Кіші атасы Көңбай аңқаулау адам болса керек, Шәпейдің аяғы ауыр екенін де білмеген. «Сетер талдың тауының басына шығып кеткен көк атымды әкеп берші, балам» — деп жұмсайды. Шәпей тауға шығып, аршаның ақ сөнкесінен бір арқа отын алып арқалап, атты да жетегіне алып келе жатып толғатады. Үйге барып босансам да отын керек деп, отынынды тастамай көтеріп, атты жетелеп үйге келгенде абысындары босандырып алыпты.

Жыл аралатып босана берген соң ба, әлде туытта тәжірибелілігінен бе Шәпейді ауылдарда толғатқан әйелге жедел-жәрдем дәрігерін шақырғандай шақыртады. Жылына 5-10 әйелді босандырған кездері болыпты.

Басында жазғанымыздай Шәпей ауылда еркек кіндікті аздығынан осындай қара жұмысқа түссе де еш қабақ шытпаған. Балаларын енесі — Алтын бағып, өсірген екен. Түнде енесінің оң жағында екі бала, сол жағында екі бала, төсектің жанында екі бала, бесікте екі бала бөлеулі жатады екен. Екі бөтелкеге сүтті құйып, қойна алып жылытып жатып қай бала жылайды соған бөтелкедегі сүтті ішкізіп, қайта ұйықтатып шығады екен. Осы енесі өмірден өткенде Шәпей:

«Кимешек кидім шашақтап,

30 жыл жүрдім алшақтап.

Алшақтау енді күн қайда?

Отырсам болды жан сақтап» — деп жоқатаған екен.

21 құрсақ көтерген аяулы ана — Шәпей 2007 жылы 61 жасында 15 баласын артында қалдырып, өмірден өтті.

Шәпей апамыздың адал жары Әзімхан атамыз немере, шөбере сүйіп отыр. Махаббат сүйіспеншілігі – балалардың есен-саулығы, тату-тәттілігін тілейді. Адал жарына деген махаббаты ұрпақтың да мәртебесін өсіріп, аспандатады, үлгі-өнеге тұтады, мақтаныш етеді. «Адам мың жасамайды ұрпағы мың жасайды деген осы ғой» деп аяулы жары Шәпейге құран бағыштап, балаларының ортасында Шәпей жүрген жолмен жүріп өткенде сағынышпен еске алып жүр.

Жанарбек Ақыби, Монғолия. elanasy.kz

Пікір қалдыру