Моңғолиялық кішкентай Фариза

0

DSC_2368Бұл кішкентай ханшайымның есімі – Фариза Соянқызы. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына қарасты Цэнгэл деген ауылда тұрады. Қазақтар көп қоныстанған ауылда екі қазақ-моңғол аралас, бір тува бастауыш мектебі бар. Биыл Фариза бірінші сыныпқа барды. Ол өткен жазғы демалысында Қазақстанға келіп, Алматыны, Астананы аралап көрді.

IMG_1014

Фариза әуелі Алматыға келген. Анасы Береке Қосбармақзымымен бірге әпкесінің ұзатылу тойына қатысып, Алматыны армансыз аралады.

IMG_1099

Мұнан соң ол Астанаға келіп, Бәйтерекке шығып, елорданың көрікті жерлерін аралап қайтты.

IMG_1168

«Біз теледидардан ғана көреміз ғой. Астананы өзің аралап көрген әдемі екен. Уақыт тығыз болып дұрыстап ойнай алған жоқпы. Бірақ алдағы уақытта әпкелерімді ертіп келіп асықпай ойнайтын боламын» — дейді Фариза.

DSC_1919

Астанадан бізбен бірге аттанған Фариза Цэнгэлге жете салысымен әкесі — Соян Мысаұлымен бірге ата-бабасының басына құран бағыштауға барып қайтты.

DSC_2658

Бейіт басына жас баланы апара беруге болмайды. Дегенмен Фаризаның әкесі бүлдіршінінің барлығына қанық болып өскенін қалайды.

DSC_2171

Екі әпкесі Гүлнаурыз бен Гүлбануға Қазақстаннан көрген қызықтарын айтып тауса алмаған Фариза жайлаудағы достарына барып қайтуды жөн көрді. Қобда бетінің әсем табиғатына қанып өскен кішкентай бүлдіршіннің бала қиялы барлығына тезірек қол жеткізсем дейді.

DSC_2321

Фариза төлдерді жақсы көреді. Құлындарды, қозы-лақты. Қазір де қодастың бұзауларымен ойнағысы келіп тұр.

IMG_2160

Жайлаудағы атасы мен апасының қасына барған Фариза көрші ауылға қонаққа да барып үлгерді.

DSC_2511

Ол ауылдағы достарымен бірге қонақтарға сойылған қойдың сирағын үйтісуге көмектесті.

DSC_2780

Ал біз Қазақстанға қайтатын кезде Фариза да бізді шығарып салған дастарқанға бірге отырып, биылғы жаздың соңғы қымызы – сіргежиярдан дәм татты.

DSC_2383

Үлкен арман арқалаған кішкентай Фариза Моңғолиядағы азғана қандасымыздың бір мүшесі болып сол елде тұрып жатыр.

DSC_2402

Болашақта дәрігер болғысы келетін оның алға қойған мақсаттарына жетуіне тілектеспіз. Айтпақшы, Фаризаның ағасы Думан Соянұлы биыл Қазақстанға оқуға келді.

elanasy.kz

Фото: Марат Амиров

Пікір қалдыру