Қазақ қызы 1900 жылдан бері қалай өзгерді?

0

YouTube әлеуметтік желісіне қазақ қызының 1900 жылдан бері қалай өзгергенін көрсететін видео жүктелді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Визажист Наргиза Әбдірайымова модель Рахат Божокоеваны сәндеп, әр кезеңдегі қазақ қызының кейпін көрсеткен. Бойжеткен жай видеоға түсіп қана қоймай, әр кезеңде қазақ қыздарына тән қылықтарды да видеода шебер жеткізе алған.

Жоба басшысы Назгүл Бербаева, осылайша қазақ қызының 1900 жылдан бергі эволюциясын қайта жаңғыртуға тырысқан.

Еске салсақ, бұған дейін де визажистер, стилистер мен шаштараздар 1915 жылдан бастап, қазақ аруларының сұлулық талаптары қалай өзгергенін көрсетуге тырысқан болатын.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір қалдыру