Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?

0

Отбасын құру – әр адамның өміріндегі ең айтулы мерекелердің бірі, әсіресе қыздар үшін. Өздеріңіз білетіндей той алдында барлық қыздар ең алдымен той көйлегіне көп көңіл бөледі. Көп мемлекеттерде қыздар тұрмыс құрарда өздерінің салт-дәстүрлері мен діни сенімдеріне сай ұлттық костюмдерін киеді екен. BAQ.KZ сіздерге жер шарындағы ең әдемі той көйлектеріндегі қалыңдықтардың фотоларын ұсынбақ.

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?
БолгарияӘр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?

Болгар қызы ұлттық той көйлегінде.

Түркия

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Түрік қалыңдығы әкесінің үйінен шығып, үйлену тойы салтанатына аттанарда, қыздың ағасы не көкесі беліне ырымдап қызыл бау байлайды. Баудың түсі бақыт, бақ пен пәктіктің белгісін білдіреді.

Шри-Ланка

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Шри-Ланка қалыңдығының киімі шығыс және батыстың салт-дәстүрімен ұқсас келеді. Олар сапалы жібек матадан тігелген сари мен Еуропа сәніндегі фатаны киеді. Ал әшекейлеріндегі тастар саны тақ болуы керек, олардың түсінігінше тақ сандар қуаныштың белгісі.

Индонезия

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Ал Индонезия жерінде үйлену тойында киетін өздерінің арнайы киімдері бар. Көбіне қыздар ашық түсті, бірақ тігісі өте күрделі көйлектерді киеді.

Пәкістан

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Пәкістанда қыздар үйлену тойы салтанатына қанық қызыл, алқызыл және күлгін түсті киімдерді таңдайды. Ал бастарына күйеу жігіт пен қалыңдық бисерден және мақта жібінен жасалған ұлттық гирлянданы киеді.

Үндістан

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Үнді қыздары көбіне қызыл түсті ұлттық лехенга-чоли киімін киеді және оны басынан аяғына дейін 16 әшекеймен сәндейді.

Нубия

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Нубиялық қалыңдық ашық түсті орамал тағып, бетін жауып тұратын перде және басын жауып тұратын ақ фата киеді.

Эритрея

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Дәстүрлі эритрейліктердің той киімінде қара түстес тәж бен алтын кестелі күлгін көйлектер киіледі. Қалыңдықтың киімі міндетті түрде күйеу жігіттің киімімен үйлесуі керек.

Тува Республикасы, Ресей

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Тувиндіктердің ұлттық киімі олардың көшпенді халық екендіктерін бейнелейді. Олардың той киімдері, тіпті ат үстінде жүргенге де ыңғайлы.

Тибет

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Тибеттік күйеу жігіт тойға бір күн қалғанда өзінің қалыңдығына көйлек пен әшекейлерді алып келеді. Той киімдерінің қатарында бас киіммен қатар, металдан жасалған Будда мүсіні де болады.

Палестина

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Палестиналық қалыңдық ресми рәсімге сәнді ақ көйлек киеді, сондай-ақ қызда анасы арнайы той үшін қолдан тігіп берген көйлегі де болуы керек.

Перу

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Лима қалыңдықтары қызыл-қара түсті көйлек киеді.

Иордания

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Мали

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Малида қалыңдық «кафтан» деп аталатын киім киеді және қалыңдық пен күйеу жігіт киімі түсі сәйкес келуі керек. Малилықтар көбіне ақ түсті, кейде күлгін және лаванда түсті киімдерді жиі таңдайды.

Корея

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Мыңдаған жылдардан бері Кәріс қалыңдықтары дәстүрлі ханбок киімін киеді.

Жапония

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Жапондық қалыңдықтар ақ кимоно мен арнайы жібектен жасалған tsunokakushi бас киімін киеді.

Нигерия

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Ирак

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Ирактық қалыңдықтар той кезінде киінуден рекорд орнатуда. Олар мерекеде кемпірқосақтың түсіндегі жеті түрлі түсті киімге киінеді. Қызыл түс махаббат пен романтиканың белгісін білдіреді.

Италия

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Италияда қалыңдықтар жасыл түсті сәттілік пен бақыт әкеледі деп ырымдап, жасыл көйлек пен әшекейлерді тағады. Бірақ көбіне ақ түсті той көйлегін киеді.

Қазақстан

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?Елімізде қазақтың әр қызы ұлттық ою-өрнектермен безендірілген ақ көйлек пен сәукеле киеді. Сондай-ақ, ұлттық нақыштағы әшекейлерді де ұмытқан емес.

Дереккөз: BAQ.KZ

Пікір қалдыру