Бар шындық осы! Басқа нұсқасы жоооооооқ!

0

Өзінде бәрі ғажаптың,
Көзінде көркем әдемі!
Ақиқат жалғыз —
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫНЫҢ БӘРІ ӘДЕМІ!!!

Иә, иә! Тап осылай. Қазақтың қызының сұлулығына тең келер, таласар дүние жоқ! Сұлу десе көз алдына 170 сантиметрден асатын бой, 90-60-90 дене бітімін, ботадай көзі, найзадай кірпіктерін қағып тұрған, шиедей ерні, сүйріктей саусақтары, ақ құба терісін, иығынан төгілген қою шашын елестетіп отырсыз ба? Ендеше қателестіңіз! Басқа қандай сұлулық болуы мүмкін дейсіз бе? Мүмкін. Бәрі де мүмкін. Жоғарыда айтқандарымнан да асқан сұлулық бар. Ол мынадай. Ең әуелі қазақ қызы мейірбандылығымен сұлу. Сосын, ізеттілігімен сұлу. Нәзіктігімен. Қамқорлығымен. Ақылдылығымен. Қазақтың қызы бір ғана ауыз сөзімен ешқандай да қалың тон, жылы көрпе де, тіпті жанып тұрған от та жылыта алмас көңілді жылытады. Бар болғаны бірауыз сөзін айтса болғаны. Қазақтың қызы қараңғы бөлмені, кез келген тас түнекті жарқыратады. Ол үшін оның жымиғаны жетіп жатыр. Айналаның бәрі жарқырап, жадырап қалады. Ал, қазақтың қызы ас әзірлесе, қолыңмен жеп отырған асыңның соңынан саусақтарыңды қоса шайнап жіберуге болады. Рас айтам. Ал енді ол ән салса дүниедегі барлық тірлік ұмыт қалады. Атыңды да ұмытып қалуың мүмкін. Так, что байқа))) Қазақ қызынан өзге төзімді қыз болмайды. Оның төзімділігі шойындай. Болаттай берік. Тастай түйін. Онша-мұнша соққыға шайқалмайды. Соққы бергеннің өзі ұшып кетуі ғажап емес. Айта берсем бітпейді… Бұл сұлулықтың ақыры жоқ. Бұл сұлулықтың теңі де жоқ. Оны тек көру керек. Сезу керек. Сүйсіну керек. Бағалау керек. Кез келген қыздың бойында сұлулық та салқындық та, сабырлық та шыдамсыздық та, даналық та ақымақтық та, батылдық та қорқақтық та, сезімталдық та салқынқандық та, парасаттылық та таяздық та табылады. Қайсысын бірінші оятсаңыз соның рахатын, дәмін татасыз. Ерік, қалау, таңдау өзіңізде.

Пікір қалдыру